Бекенова Жұмагүл Нұрдәулетқызы 1992 жылы 16 желтоқсанда Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2011-2015 жылдар аралығында аталған университеттің философия және саясаттану факультетінде, философия мамандығына (гуманитарлық ғылымдар бакалавры) білім алды. 2018-2020 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінде философия бағытында (гуманитарлық ғылымдар магистрі) магистратурада оқыды. 2020-2023 жылдары аталған мамандық бойынша докторантура аясында оқуын аяқтады. Жұмагүл Нұрдәулетқызы Бекенованың Scopus базасына кіретін журналда (Q1,Q3) 2 мақаласы, 15 ғылыми мақаланың, соның ішінде ҚР ЖҒжБ Ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен журналдарда жарияланған 4 мақаланың авторы. Жұмагүл Бекенова 2022 жылғы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Үздік жас ғалым» марпатының иегері. Кафедрада бірнеше жыл куратор-эдвайзер, кафедраның сапа менеджменті жүйесіне жауапты қызметін атқарды. Жұмагүл Бекенова факуьтет пен кафедраның профессор-оқытушылары, университеттің білім алушылары арасында беделді, өз жұмысына ұқыпты, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, берілген тапсырманы жауапкершілікпен орындайды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2015
Қызығушылығы